$ 494.87  520.65  4.91

«Назарбаевты халықаралық трибуналда соттау керек» – Абзал Құспан

Елге оқ атқаны, террорды ұйымдастырғаны Нұрсұлтан Назарбаевты халықаралық трибуналға апаруға дейін мүмкіндік береді.

Адвокат Абзал Құспан Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы, Нұрсұлтан Назарбаев, Қайрат Сатыбалдыұлы, Кәрім Мәсімов туралы пікір білдірді, деп жазады orda.kz.

Абзал Құспанның пікірінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңаөзен оқиғасы үшін әлі де қамауға алуға болады.

– Қазір ол кісі биліктен кеткеннен кейін батыл пікір айтушылар көбейді ғой. 2012-2013 жылдары Назарбаев күшінде еді. Мен Жаңаөзен оқиғасына қатысты соттың біраз бөлігіне қатыстым деп айта аламын. Сол кезде пікір айттым. Елге оқ атқаны, террорды ұйымдастырғаны Нұрсұлтан Назарбаевты халықаралық трибуналға апаруға дейін мүмкіндік береді. Уақытында айтылған пікір, мен бұл пікірімнен танбаймын, – деді Абзал Құспан.

Сұхбат барысында мемлекетке опасыздық жасады деген Кәрім Мәсімовтің тергеу жұмыстары туралы сөз болды.

– Бұл ресми түрде құпияландырылған іс. Ұлттық қауіпсіздік қызметі – ең құпия қызмет. Сол құпия қызметтің бірінші басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр. Осы тұрғыда биылғы жылы Бас прокуратураға сын айттым. Бізде кез келген санаттағы істі 201 бапқа сілтеме жасап, тергеу құпиясы ретінде жауып тастайды. Жабулы қазан жабулы күйінде қалады. Ол өз кезегінде ел-жұрт тарапынан алып-қашпа әңгімегің тарауына себеп болады. Сондықтан 201 бапты толықтыру керек деп айттым. Біз әлі Кеңес жүйесінен құтыла алмай жүрміз. Кеңес жүйесінде барлық шешімдер астыртын қабылданатын, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары