$ 449.58  486.94  4.86

«Қостанай облысындағы өрттің тұтануына адами фактор себеп болған» - Юрий Ильин

Министрдің сөзінше, табиғи тұтану нұсқасы толығымен шоққа шығарылды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алап өртке адами фактордың себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, табиғи тұтану нұсқасы толығымен шоққа шығарылған. 

"Өрттің қасақана немесе абайсызда тұтанғанын құзырлы органдар анықтайды. Табиғи тұтану нұсқасы толығымен алынып тасталды", – деді Юрий Ильин.

Еске салайық, қыркүйектің басында Қостанай облысында алап өрт басталып, бір адам көз жұмған еді. Сонымен қатар 100-ге жуық тұрғын үй отқа оранған. Ал өрттің жалпы ауданы 43 мың гектарға жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары