$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейге қатысты тығырықтан Тоқаев алып шығады!» - Айгүл Орынбек

«Шекараны жап», деп ашық айтпаса да, құпия түрде тапсырмалар тиісті адамдарға берілді деп ойлаймын.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Елімізге белгілі заңгер Айгүл Орынбек Facebook желісінде Ресейдегі мобилизацияға және ресейліктердің Қазақстанға жаппай ағылуына қатысты жазба жариялады.

«Елде соғыс болып, жан-жаққа қашудан құдай сақтасын!

Бейбітшіліктің қадірін білейік!

Украинада соғыс басталмай жатып, қалталы байлары Анталья, Стамбулдан үй алып тұрып жатқан. Соғыс басталғанда тіпті 5 миллионға жуық халқы елден кеткен. Егер сол елдерінен қашқан 5 миллион украиндық елге кіреміз деп келгенде осындағы “шекараны жабу керек” деп отырғандар құшақ жая қарсы алатын еді.

Көшбасшы оңбаса, халқына сор.
Кімге елінен кеткен ұнайды дейсің?

Әрине ешкімге! Маған да ресейліктердің еліме кіргені ұнамайды. Бірақ олар бізге тиіп тұрған шекаралас көрші. Әлем ядролық соғысқа жақын тұрғанда, бүкіл әлемнің назары қазір бізде!

Бұл ситуациядан да біз Халықаралық стандарттарға сай әдемі шығуымыз керек!

Әлем сылайтын дипломат Президентіміз бар!

«Шекараны жап», деп ашық айтпасада, құпия түрде тапсырмалар тиісті адамдарға берілді деп ойлаймын.

Бұл мәселені саясиландыра бермей, келіп жатқан қонақтарға кімнің елінде жүргенін мәдени түрде көрсетіп отыру керек! Құжаттары дұрыс емес екенін білсең бірде полицияға хабар беру керек!

Еліміздің елдігін сақтап қалу өз қолымызда!

Бірігетін уақыт келді, ақша, құлқынның қамы үшін емес, ел үшін жұмыс істейік!

Бұл тығырықтан да Президентіміз Тоқаев алып шығады!

Украинаны ашық қолдайтынымызды айта отырып, ресейліктерге есігімізді тарс жауып қоя алмаймыз!

Дәл қазір бізге толерантты көзқараста болу керек!

Егер бізге де ауру басшы келіп, елде соғыс басталып кетсе, біз де жан-жаққа қашып жүрер ме едік! Тіпті ойлағым келмейді…

Елде тыныштық болсын, ең бастысы!

Маған ренжіп керегі жоқ, әркімнің пікірін тыңдап үйреніңдер!

Азаматтық қоғамда әр адам өз ойын ашық айтуға құқылы!

Сенің ойыңмен менің көзқарасым біржақты болуы міндетті емес!», — деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары