$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанға ҰҚШҰ елдерінің әскерлері келеді

22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келуде.

Қазақстан аумағында ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (орыс. Организация Договора о коллективной безопасности, ОДКБ)   жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды ҚР ​​Қорғаныс министрлігі.

«2022 жылдың 26 ​​қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2022», «Поиск-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді. Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келуде. Олардың қозғалысы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: теміржол, әуе көлігі және доңғалақты әскери техникамен» деп атап өтті министрлік.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары