Қазақстан аумағында ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (орыс. Организация Договора о коллективной безопасности, ОДКБ) жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
«2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2022», «Поиск-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді. Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келуде. Олардың қозғалысы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: теміржол, әуе көлігі және доңғалақты әскери техникамен» деп атап өтті министрлік.
Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.