$ 487.37  532.94  5.09

«Ұлы орыстар қашып жатса, қазақтар соғысқа бара жатыр»: ресейлік қазақтардың жаппай әскерге алынып жатқан видеосы тарады

"Өз қандасың зомби-ватникке айналып кеткені жүрекке батады екен", - деп жазды журналист.

Ресейде жарияланған жартылай мобилизациядан жаппай қашып жатқан ресейліктер жайлы түрлі видеолар тарап жатыр. Барлығы дерлік орыстар.

Дегенмен керісінше соғысқа бару үшін, жиналып жатқан қазақтар туралы видео тарады.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Желіге тараған видеоның Ресейдің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Бірақ әскерилермен бірге көлікке отырып жатқан жас жігіттердің барлығы дерлік қазақтарға ұқсайды. Оларды шығарып салып тұрған елде есеп жоқ.

Журналист Нұрбек Бекбау: "Мобилизациядан орыстар тырқырап қашып жатса, Ресейдегі қазақтар болса, міне қараңыз — жаппай соғысқа жазылып жатыр. Анау зомби-ящиктен күнде соғып жатқан өтірікке сеніп қалған: “Путиндікі дұрыс. Украинаны жою керек”, - деп соғып жүр. Волгоград қаласында түсірілген екен…

Өз қандасың зомби-ватникке айналып кеткені жүрекке батады екен", - деп жазды желідегі парақшасында.

Мұны көрген көпішіліктің қатты ашуы келді: "Ұлы орыстар соғыстан қашып жатыр, ал мына қазақтар Ресей үшін соғысқа кетіп барады, бұл қалай болғаны?, "Неге қанды қасапқа біздің қандастар баруы керек, ал орыстардың өздері қашып бізде жүруі керек", "Бұлар елге келгенімен адам болмайтын секілді ғой", "Ішіп алған ғой мыналар, араққа тойғызып айдап жатыр соғысқа", "Тілдері орысшаланып әбден зомби болып кеткендер", "Қайран қазағымай бекер оққа ұшатын болды ау", деген сынды пікірлер қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мобилизация