$ 448.89  477.93  4.76

Елімізге Украинадан 20 мыңнан астам үндістандық студент келді

20 мыңнан астам үндістандық студент біздегі медициналық университеттерде оқып жатыр.

Бұған дейін Қазақстан Украинадағы үндістандық студенттерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеген еді. Бұл мәселе қаншалықты шешілгеніне қатысты NEGE-нің тілшісіне Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді.

– Украинадан келген 20 мыңнан астам үндістандық студент біздегі медициналық университеттерде оқып жатыр. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты Орта Азия мемлекеттерінен де студенттер қабылдауға дайын болғанбыз. Өкінішке қарай, қазір біздің медициналық университеттердің олардың бәрін қабылдауға мүмкіндігі жоқ. Асфендияров сияқты басқа да университеттердің инфрақұрылымы шектеулі. Бұл – бір. Екіншіден, медициналық университеттер біздің емес, Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретінде, – деп жауап берді Саясат Нұрбек.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары