Жаңалықтар 24.09.2022 сағат 16:32

Беларусте де мобилизация жариялана ма?

Лукашенко Ресейдегі жағдайдың өз еліне қаншалықты қатысы барын айтып берді.
Беларусте де мобилизация жариялана ма?
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейдегі жағдайдың өз еліне қаншалықты қатысы барын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, елде мобилизация болмайды. Бұл туралы ол журналистермен әңгімелесу барысында айтқан.

Лукашенко теріс ниетті азаматтардың Беларусьтегі жағдайды Ресейге ұқсатуға әуес екенін жеткізген.

«Ешқандай жұмылдыру болмайды. Бұл – өтірік», – деп сендірді ол.

Президент сөз арасында мұндай әрекеттер биліктің және күштік құрылымдардың бей-жайлығын байқатпайтынын айта кетті.

Осы мақсатта халық жасақтары әскери дағдыларды меңгеруі үшін әр түрлі оқу-жаттығулар жүйелі жүргізіліп жатқанын еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар