$ 494.87  520.65  4.91

Елорда атауы өзгергені үшін оқулықтарды қайта басып шығару қажет пе?

Министрдің айтуынша, мектеп оқулықтарын қайта басудың нақты тәртібі бар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтарды жаңарту қажет еместігін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтар ауыстырылмады. Меніңше, соған бола қайта бастырудың қажеті жоқ. Бізде 2016-2018 жылдары басылған оқулықтар көп. Сосын балалар да, жалпы, халық елорданың атауын біледі ғой, - деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, мектеп оқулықтарын қайта басудың нақты тәртібі бар. Оған білім беру бағдарламаларын жаңарту шаралары да әсер етеді.

Ал уақыт келгенде оқулықтар қайта басылады. Сол кезде елорданың атауы да, жаңадан облыстардың қосылғаны да ескеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары