$ 494.87  520.65  4.91

Түркістандық тұрғын әйелін жұмысқа сымтемірден тоқылған іш киіммен жіберген

Өзге ер азаматпен жыныстық қатынасқа түсіп қоюы мүмкін деп өз жарынан күдіктенген еркек, түнгі кезекшілікке түсетін жұбайын осылай қорлап келген.

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында қызғаншақ еркек әйелін жұмысқа барарда сым темірден тоқылған іш киім кигізіп жіберіп жүрген. Бұл туралы аудандық «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі" секторының меңгерушісі Марат Тарақтиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Сүйемелдеу қызметі секторы меңгерушісінің сөзінше, жаға ұстатар жағдай Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елдімекенінде болған. Өзге ер азаматпен жыныстық қатынасқа түсіп қоюы мүмкін деп өз жарынан күдіктенген еркек, түнгі кезекшілікке түсетін жұбайын осылай қорлап келген. 

«Әйелін соншалықты қызғанғандығы, әйеліне сым темірден іш киім тоқып берген палскугубцымен. Жұмысқа кетеді, жұмысқа келгеннен кейін шешіп алады. Үлкен дәретке бармайды, кіші дәретке бармайды. Міне, күйеуінің  санасына жеткен нәрсесі»,- дейді Марат Тарақтиев. 

Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі сөз болған жиында сектор меңгерушісі  алаяқтықтың шегіне жеткен жәйттерді де баяндап өтті. Мәселен, осы ауданда тұратын бес баланың анасы жас жігіттерді алдау арқылы екі рет тұрмысқа шыққан. Әлеуметтік желі арқылы бойдақ жігіттердің сеніміне кіріп, алдап-арбау арқылы ол қалың малдың ақшасына қызыққан көрінеді. Шындығында  екі рет  күйеуге шығып жүрген көпбалалы ана  Жібек жолы ауылдық округінде бір әулеттің келіні болған. 

«Жыл басынан бері ауданда 88 тұрғын зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, аталған орталықтан көмек сұрап келген. Оның 74-і әйел, 14-і ер-азамат. Ал,  Жібек жолы ауылдық округінің өзінен 15 нәзік жанды тұрмыстық зәбір көріп, ауруханаға түскен»,- дейді Марат Тарақтиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары