$ 448.15  483.46  4.86

Ішкі істер министрлігі ресейліктердің көші-қон ағынына қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, көші-қон ағыны ең әуелі көрші болуымызбен байланысты.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ресей азаматтарының көші-қон ағынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аслан Аталықов Қазақстан мен Ресей арасындағы құрлық шекарасы ең ұзын – 7591 шақырым екенін атап өтті.

"1-24 қыркүйек аралығында 896 шетел азаматы тұруға рұқсат сұраған, оның ішінде 115-і – Ресей азаматы.
Ішкі істер министрлігі", Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.

Оның айтуынша, көші-қон ағыны ең әуелі көрші болуымызбен байланысты.

"Ресей азаматтары үшін Қазақстанның транзиттік әлеуетін де ұмытпаған жөн. Ресейліктердің қоныс аудару үшін Қазақстанның әуе айлағын пайдалану мүмкіндігі – иммигранттар ағынының бір себебі", - деп түсіндірді Аслан Аталықов.

Қыркүйектің соңғы күндерінің өзінде Қазақстаннан 40 мың Ресей азаматы кеткен. Мыңдаған адам Қазақстан арқылы оңтүстік көршілері – Қырғызстан, Өзбекстанға кетті. Ал бес күн ішінде 6 мыңға жуық ресейліктер әуежайлар арқылы ұшып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары