$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі ұзартылды

Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана соты белгілі кәсіпкерге қатысты қамауға алу мерзімін ұзартқанын мәлімдеді.

"2022 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастаған болатын. Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары