Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ресей азаматтарының көші-қон ағынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аслан Аталықов Қазақстан мен Ресей арасындағы құрлық шекарасы ең ұзын – 7591 шақырым екенін атап өтті.
"1-24 қыркүйек аралығында 896 шетел азаматы тұруға рұқсат сұраған, оның ішінде 115-і – Ресей азаматы. Ішкі істер министрлігі", Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.
Оның айтуынша, көші-қон ағыны ең әуелі көрші болуымызбен байланысты.
"Ресей азаматтары үшін Қазақстанның транзиттік әлеуетін де ұмытпаған жөн. Ресейліктердің қоныс аудару үшін Қазақстанның әуе айлағын пайдалану мүмкіндігі – иммигранттар ағынының бір себебі", - деп түсіндірді Аслан Аталықов.
Қыркүйектің соңғы күндерінің өзінде Қазақстаннан 40 мың Ресей азаматы кеткен. Мыңдаған адам Қазақстан арқылы оңтүстік көршілері – Қырғызстан, Өзбекстанға кетті. Ал бес күн ішінде 6 мыңға жуық ресейліктер әуежайлар арқылы ұшып өтті.