Ресейдің Иркутск облысындағы Усть-Илимск қаласының әскери бөлімінде 25 жастағы жігіт әскери комиссия басшысының басына алты рет оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Mash” Telegram арнасына сілтеме жасап.
Атыс Усть-Илимск әскери комиссариатында болған. Бұл туралы оқиға куәгерлері хабарлады. Күдікті көп ұзамай қолға түскен.
Атқан адам қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын Руслан Зинин болып шықты.
БАҚ-тың хабарлауынша, жас жігіт бүгін мобилизацияға алынған болуы мүмкін. Ол тапанша шүртпесін баспас бұрын, "Енді бәріміз үйге қайтамыз", – деген екен.
Оқиға куәгерлері әскери бөлімде метал іздегіштердің болмағанын айтады.
"Оның "Брат-2" фильміндегідей, қолдан жасалған шолақ мылтық сияқты қаруы болған", - дейді куәгер.
Жігіттің анасы Марина Зинина ұлы туралы жаңалықтардан естіп, абдырап қалған. Ол ұлының қаруды қайдан алғанын білмеген.
“Руслан соңғы күндері әжесімен бірге тұрды. Таңертең әжесіне әскери бөлімге ерікті ретінде баратынын айтып кеткен. Ал оның өзіне әскерге шақырту келмеді. Тек оның ең жақын досы мобилизациямен әскерге шақыртылған. Осы жаңалыққа Руслан қатты мұңайып еді. Әскери бөлімге кеткен соң хабарсыз болды”,- деді анасы Марина.
Атыс дерегі бойынша "құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу" және "заңсыз қару айналымы" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.