$ 449.58  486.94  4.86

Бас прокуратура жалған ақпарат таратқан блогерлерге қатысты үндеу жолдады

Ол қоғамда жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелері және әлеуметтік желі пайдаланушыларының ұлттық алауыздықты тудыратын белгілері бар пікірлері бірге жүретінін жеткізді.

Еліміздің Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев ақпараттық кеңістікте және әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша жалған ақпарат тарату жағдайына қатысты үндеу жолдады.

Ол қоғамда жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелері және әлеуметтік желі пайдаланушыларының ұлттық алауыздықты тудыратын белгілері бар пікірлері бірге жүретінін жеткізді.

"Нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал адамдарды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жалған хабарламалар жарияланып жатыр. Мұндай фейк мәліметтер қоғамдық жалған пікірді қалыптастырып ғана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі әбден мүмкін", — деді Жандос Өмірәлиев.

Бас прокуратураның өкілі шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асыратынын алға тартып отыр.


"Олардың мақсаты — жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табысқа кеңелу. Көрсетілген ұлттық алауыздықты қоздыруға, қорқытып алуға, жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер қылмыстық кодекстің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желі пайдаланушыларын заңнаманы бұлжытпай сақтауға және жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтардың жасалуына, арандатушылыққа жол бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады", — деді Бас прокурордың орынбасары.

Бұған дейін ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде бұрын лауазымды қызмет атқарған кейбір тұлғалардың қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін аталған деректерге қатысты тиісті тұлғалар ешқандай қылмыстық іс қозғалмағаны туралы мәлімдеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үндеу