$ 494.87  520.65  4.91

Қаржы министрлігі президент сайлауына 20,5 млрд теңге бөлуді мақұлдады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қысқа жауап берді.

20 қараша күні Қазақстанда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жұмсалатын қаража мақұлданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысынан шыққан үкімет басшысының орынбасарына журналист: «Қаржы министрлігі Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына өткізу қажет 20,5 млрд теңгенің өтінімін мақұлдады ма?», –  деп сұрақ қойды.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қысқа жауап берді.

«Иә, мақұлдады», - деді премьер-министрдің орынбасары.

Айта кетейік, биыл 8 қыркүйекте қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева кезектен тыс президент сайлауын өткізуге шамамен 20 млрд теңге екенін айтқан еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары