Дағыстанда Ресейде жарияланған мобилизацияға қарсы шерулер күннен күнге артып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарсылық науқаны, барысында тәртіп сақшыларымен арада қақтығыстар орын алып, белсенділер Путиннің портреттерін өртей бастады.
Украиналық журналист Тарас Березовец өзінің Twitter парақшасында:
"Дағыстан, Ресей. Наразылық білдірушілер Путиннің портреттерін өртеп жатыр. Бұл жаңа Ресей революциясы ма? Әзірге белгісіз, бірақ бүгін Кремль нақты ұйықтамайды", - деп жазды.