Әлеуметтік желіде Ресейден еркектер келді деп, ерекше қуанған қазақ қызының видеосы тарады. Бұл туралы caravan.kz порталына хабарлайды.
«Бір миллион алты жүздей орыс келіп, мәәә, біздің қыздарға бақ қонды ғой. О, май гад болды ғой. Ой, біздің жігіттер өлетін еді. 9 қызға бір жігіттен келеді деп. Орыстардың дәмін бір көретін болдық», дейді қазақ қызы қуанышын жасыра алмай.
Аталған видео көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Кейбірі онсыз да ашулы қазақтың намысына тию үшін әдейі жасалған дүние десе, енді бірі санасыз қазақ қыздары көп қой деген сынды ой айтты.
«Тауып, осыны атып тастаңдаршы», «Алла сақтасын осындай ұрпақтан», «Ұят-ай дәмін көргені несі», «Тексіздер көптеп туылады енді», «Орыстардың қойнына жатуға дайын тұр ғой мынауың», – деп жазды ашулы оқырмандар.