$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда 450 мың теңгеге пәтер жалдаған ресейлік жігіт алданып қалды

Ресейлік жігітті алдамақ болған қостанайлықтың көлік нөмірі де жасанды болып шықты.

Ресейдегі мобилизация кезінде Қостанайға қашып келген ресейлік жас жігіт алданып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Жалдамалы пәтерге қатысты қазіргі жағдайды жақсы пайдаланған алаяқтар ресейлік жігіттің 450 мың теңгесін қағып алған. Бірақ жалға беретін пәтері мүлде жоқ болып шықты. Бір қызығы, жас жігіт көлік нөмірін сақтап алғандықтан, полицейлер жалған пәтер иесін тез тапты.

Ресейлік жігітті алдамақ болған қостанайлықтың көлік нөмірі де жасанды болып  шықты.

Аталған құқықбұзушылыққа қатысты қолданылатын жаза да қатқылдана бастады.  Ал ресейлік Владимир Небренчин ақшасын қайтарып, полицейлерге алғысын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары