$ 494.87  520.65  4.91

Қазнетке кибер шабуылдар жасалып жатыр

Мемлекеттік техикалық қызмет" АҚ кибер шабуылдар әлемдегі және елдегі оқиғалармен байланысты деп топшылайды.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" бірнеше күннен бері қазақстандық интернет сегменіне кибер шабуылдар жасалып жатқанын хабарлады.

"Мақсатты кибер шабуылдар елдің мемлекеттік органдарына және Қазнетті инфрақұрылымына бағытталған. Кибер шабуыл салдарынан интернет байланысының нашарлауы байқалады." Мемлекеттік техикалық қызмет" АҚ кибер шабуылдар әлемдегі және елдегі оқиғалармен байланысты деп топшылайды", - делінген хабарламада.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселесімен бетпе-бет келген азаматтар МТҚ мамандарына жүгіне алады. Ол үшін Telegram-чат жұмыс істейді, сонымен қатар күні-түні қоңырау қабылдайтын 1400 нөміріне хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кибер шабуыл