$ 449.58  486.94  4.86

«Нығматулиндердің үстінен іс қозғалған жоқ» – Бас прокуратура өкілі

"Менің білуімше, оларға айып тағылған жоқ. Менде ондай ақпарат жоқ", – деді Әсет Шындалиев.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы "Ерлан Нығматулин ұсталды" деген ақпарат жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсет Шындалиев ағайынды Нығматулиндердің үстінен іс қозғалмағанын айтты.

"Менің білуімше, оларға айып тағылған жоқ. Менде ондай ақпарат жоқ", – деді Әсет Шындалиев.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев халыққа үндеу жолдап, ел арасында көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері жиілеп кеткенін айтқан еді.

Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, ұлтаралық араздықты қоздыруға, бопсалауға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары