Назарбаев және басқа да белгілі тұлғаларға жыр арнау арқылы көпшілікке танылған Балтабек Нұрғалиев ресейліктерді да қаламынан тыс қалдырмады, деп хабарлайды Экспресс К.
Балтабек өлеңін өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялады. Одан ақынның көрші елдегі жағдайға қатты алаңдайтыны байқалады.
Уа, ресейлік бауырларым,
Тыйылмай тұр дауылдарың.
Бұл сынақ та өтер-кетер,
Сарқылмасын сабырларың,
Уа, ресейлік өрендерім,
Болашаққа елеңдедің.
Жақсылыққа қадам басып,
Жамандыққа жөнелмедің
— деп жазылған алғашқы шумағында.
Ақын өлеңінде көрші елдің азаматтарын сабырға шақырып, бейбіт күннің қайта келетінін айтқан. Елімізге келіп жатқан азаматтарға достық пейіл танытатынын да жазған.
Бізге сеніп жатырсыңдар,
Дос пейілді батырсыңдар.
Адамзатқа бітімгерміз,
Сондықтан да жақынсыңдар!
Бұл сынақтан аман шығып,
Бір жылынғай заман суық.
Біздің елдің ұстанымы –
Жанашырлық, адамшылық,— дейді Балтабек Нұрғалиев.
Ақынның жазбасына желі қолданушыларының бірі "Бүгінгінің Жамбылы өзіңсің, Балташ" деп пікір білдірген.