Жогорку Кенеш депутаты Адахан Мадумаров Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Парламентке автоматтары бар екі жәшік әкелгенін мәлімдеді деп хабарлады informburo.kz.
«Мемлекетте ғана емес, Жогорку Кенеште де күрделі жағдай қалыптасты. Соңғы рет ҰҚК басшысы Парламентке автоматтары бар екі жәшікті сүйреп апарды. Бұл – жабайылық. Біз заң шығарушы ретінде әрбір қозғалыстың заңдылығына баға беруіміз керек. Олай жасай алмасақ, онда біз өз жұмысымызды орындай алмағанымызды мойындауымыз керек», – деді қырғыз депутаты.
ҰҚК басшысы Парламентке неге қару алып келгені белгісіз болып отыр.