Жаңалықтар 29.09.2022 сағат 09:20

Атажұртқа қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды.
Атажұртқа қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне көшіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оның 70 пайызға жуығы Өзбекстаннан қоныс аударған. Өзгелері Қытай мен Түркіменстан, Моңғолия және басқа да елдерден. 

Қандастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған Отандастар қорының мәліметінше, соңғы жылдары ата жұртына қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан.

«Отандастар» қоры алыс-жақын шет елдердегі қазақтармен үнемі байланыста. 

Мамандардың айтуынша атамекеніне оралғысы келетіндер көп. 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды. Көш әлі де жалғасады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар