$ 494.87  520.65  4.91

Жас жігітті соққыға жықты деп айыпталған Төреғалидың ісін полиция тексеріп жатыр

Қазнетті шулатқан бейнежазбаға қатысты Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіде пікір білдірді.

Бүгін ғаламторда Төреғали Төреәліден соққы алғанын айтып, маңдайынан қаны сорғалаған жігіттің видеосы тараған еді. Алматы облысында болған оқиға аздаған уақыт ішінде құзырлы орган өкілдерінің құлағына жеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Танымал әншіден таяқ жеген жігіт Көлсай жақта жол сілтеуші, яғни гид қызметін атқарады екен. Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, Төреғали оған жұдырық жұмсаған көрінеді. Содан жас жігіттің қабағы жарылған. Қазнетті шулатқан бейнежазбаға қатысты Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіде пікір білдірді.

"Тексеру шаралары басталды. Алматы облысы ПД басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізілген іс-шараларды Алматы облысының Полиция департаменті бақылауға алады", — деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Айта кетейік, санаулы сағат бұрын желіде Төреғали Төреәлінің жас жігітпен төбелескен видеосы тарағаны туралы жазған едік.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары