$ 443.85  474.3  4.8

Рақымшылыққа іліну үшін сотталғандар кінәсін толық мойындауы керек

Бір реттік рақымшылық тек кінәні толық мойындаған жағдайда және шығынды толық өтеген кезде ғана жасалады.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Рақымшылыққа іліну үшін кінәні толық мойындау керек. Бас прокуратура Қаңтар оқиғасында тәртіпсіздіктерге қатысқандарға рақымшылық қалай жасалатынын айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сотталғандар бостандыққа шығу үшін амнистияға өз рұқсатын беруі керек. Азаматтың келісімінсіз рақымшылыққа ілінбейді.

Бір реттік рақымшылық тек кінәні толық мойындаған жағдайда және шығынды толық өтеген кезде ғана жасалады. Яғни ауырлығы орташа қылмыс жасағандар толық босатылуы мүмкін. Ал ауыр қылмыс жасағандардың мерзімі қысқартылады.

Әзірге амнистияға нақты неше адамның ілігетіні белгісіз. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында Қаңтар оқиғаларының қатысушыларына бір реттік рақымшылық жариялауды ұсынған.

Тек амнистияның тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасаған, билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасағандарға қатысы жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары