Жеңілдетілген автокөлік несиелерін беру қараша айында қайта басталады, деп хабарлайды Kolesa басылымы.
Ақша таусылғандықтан, жеңілдетілген автокөлік несиелерін беру тоқтатылды. Бірақ, ФРП төрағасы Ринат Ғаппаровтың айтуынша, қазақстандықтардың көлік үшін төлейтін пайыздары банк шоттарына түседі және қайтадан сол жылдық 4%-бен несие түрінде беріледі. Ол болжам бойынша, қарашаның бірінші жартысында басталады.
Сондай-ақ, Ринат Ғаппаров 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 13 307 несие мақұлданып, 11 мыңнан астам автокөлік берілгенін атап өтті. Жалпы, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы ұсынылған 30 жыл ішінде 60 мыңға жуық автокөлікті жаңарту жоспарлануда.
Бұл ретте қаражаттың айналымды қайтарылуы 7,7 млн теңге орташа есеппен 1858 автокөлікке немесе орташа чекі 10 млн теңгені құрайтын 1430 автокөлікке жыл сайын жәрдемақы беруге мүмкіндік береді.
Ғаппаровтың болжамы қазіргі көлік бағасына негізделген.