"Казгидромет" республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, қатты жел болуы мүмкін екенін ескертті.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, өңірдің батысында, орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады. Күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с күшейеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста екпіні 25 м/с артады.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.