$ 449.58  486.94  4.86

Таразда ірі өрт: базардағы сауда бутиктері мен асхана жанып жатыр

Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдарынан оқиға орнына 56 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды.

Таразда құтқарушылар ірі өртті сөндіріп жатыр. Өрт "Береке" базарындағы асхана мен сауда бутиктерін шарпыған. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт туралы қоңырау таңғы сағат 07:52-де түскен. Өрт Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесі бойындағы "Береке" базарының асханасы мен сауда бутиктерінен шыққан.

"Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдарынан оқиға орнына 56 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 08:30-да өртсөндірушілердің бірлескен күшімен оқшауланды, өртті сөндіру жалғасып жатыр", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Тараз