Қылмыстық топтың жетекшісі Арман Жұмагелдиевке («Дикий Арман») жаңа айып тағылды, деп хабарлайды Михаил Козачков Telegram-арнасы.
«Арман Жұмагелдиевке (Дикий) жаңа айып тағылды. Енді ол 2016 жылдан бері ҰҚК бесінші басқармасының бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовтың бақылауында болған қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінді», - деді Козачков.