$ 447.4  477.55  4.76

Мемлекет басшысы Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты

Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұстаздар күні қарсаңында Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев.

Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр.

Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

Айта кетейік, бүгін - 30 қыркүйек күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барып, өңір халқымен кездесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары