$ 474.72  515.17  5.58

«5 адам ауруханаға түсті»: Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Атырау облысының тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Актөбе - Атырау - Астрахань тас жолында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағыттағы Урал және Лада автокөліктерімен соқтығысқан»,—делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары