Ресей мемлекеттік думасындағы «Әділетті Ресей – ақиқат үшін» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов Қазақстан билігі «русофобияны» демеп отыр деп мәлімдеді.
Депутаттың сөзі партияның сайтында жарияланған.
Мироновтың айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік телеарналары «антиресейлік риториканы» көрсетеді.
Ол сондай-ақ «Украинаның қайғылы тәжірибесін» атап өтті.
– Оңтүстік көршімізбен жақсы қарым-қатынастың Ресей үшін қаншалықты маңызды екенін айтып жатудың қажеті жоқ. Сол себепті Қазақстандағы русофобияның кез келген көрінісі біздің қоғамда өткір реакция тудыруда. Тағы бір себеп – Украинаның қайғылы тәжірибесі. Кеңестік партия номенклатурасының иммигранттары Кравчук пен Кучма радикалдармен сырласып, Ресейге қарсы үгіт-насихаттарды баяу тарата бастағанынан басталды. Оның қалай аяқталғанын бәріміз білеміз, – деді ол.
Бұған қоса, депутат Қазақстанның көпвекторлы саясатымен қатар, біздің елде Миронов айтқандай, «Z және V әріптері қолға алынып жатқанына» наразы болды.
– Әдемі естіледі, бірақ шын мәнінде мұндай тепе-теңдікті сақтау шындыққа жанаспайды. Ал Қазақстанда Z және V әріптері қудаланғанда, бұл енді бейтараптық емес, Ресейге ашық достық емес қимыл және тікелей ынталандыру екені анық. Қайталап айтамын: «шектелген», «өркениетті» ұлтшылдық бола алмайды. Бұл аң ерте ме, кеш пе, тордан шығып, содан кейін пәле күтеді. Орыс тілді азаматтарды қудалау сөзсіз Ресейдің араласуына әкеледі. Бірақ оқиғаның мұндай өрбуі Мәскеуге де, Астанаға да қажет емес.Сондықтан отпен ойнамай, бұл тәуекелдерді дереу жойған дұрыс емес пе?, – деп қортындылады Сергей Миронов.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде жұмылдыру туралы хабарлаған болатын. Осыдан кейін Ресей Федерациясынан басқа елдерге алдағы бірнеше күндік билеттердің барлығы дерлік бірнеше сағатта сатып алынды.
Дереккөз: orda.kz