$ 494.87  520.65  4.91

Украина өздерін жеделдетілген тәртіппен НАТО-ға енгізуді сұрап, өтініш берді

Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында жазды.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Владимир Зеленский Украинаны НАТО-ға жеделдетілген тәртіппен енгізуді сұраған өтінішке қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында жазды.

"Біз (Украина мен НАТО) бір-бірімізге арқа сүйейміз, бір-бірімізге көмектесеміз және бір-бірімізді қорғаймыз. Альянс дегеніміз осы. Де-факто. Бүгін Украина мұны де-юреге айналдыру үшін өтініш берді. Біздің бүкіл қауымдастықты қорғау үшін біздің жағдайымызға сай келетін процедура бойынша, яғни жеделдетілген тәртіппен жасалады" - дейді Украина Президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті бұл мәлімдемесін Ресей президенті Владимир Путин оккупацияланған Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының бір бөлігін Ресей аумағы деп жариялаған күні айтты.

Зеленский Украина Ресеймен келіссөзге дайын екенін, "бірақ Ресейдің басқа президентімен ғана" сөйлесеміз дегенді меңзеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Украина