Жаңалықтар 01.10.2022 сағат 03:00

Қазақстандық спортшы жеңіліп көрмеген өзбекстандықты нокаутқа түсірді

Осылайша, Ринат Сағынтай ММА-дағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Қазақстандық спортшы жеңіліп көрмеген өзбекстандықты нокаутқа түсірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда өткен Octagon 35 және Brave CF 62 аралас жекпе-жек турнирінде қазақстандық Ринат Сағынтай мен өзбекстандық Давлатбек Хожиев кездесті. Айқас отандасымыздың жеңісімен аяқталды, деп жазады Sports.kz. 

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, кездесу жартылай орта салмақта өткен және үш раундқа есептелген. Алайда екінші раундта айқас Ринат жеңісімен аяқталды. Төрешілер техникалық нокаут тіркеді.

Осылайша, Ринат Сағынтай ММА-дағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал оның қарсыласы өзбекстандық Давлатбек Ходиев мансабында алғаш рет ұтылды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар