Рим папасы Франциск еліне жеткен соң, Қазақстандағы сапарын қорытындылады.
Рим Епископы Ватикандағы Әулие Петр алаңында мыңдаған ғибадат сапаршыларына үндеу жасаған.
Өткен аптада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай Орталық Азиядағы алып ел Қазақстанда болдым. Республика Президенті мен Қазақстанның басқа да билік өкілдеріне шын жүректен қабылдағандары үшін алғыс білдіремін, — деді Рим Папасы.
Ол Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде әрбір үш жылда осындай жеті съезді өткізгенін ерекше атап өтті.
Атеистік тәртіптің қамытынан босаған Қазақстан үкіметінің фундаментализм мен экстремизмді біржақты айыптайтын өркениет жолын ұсынып отыруы зор еңбек. Бұл бірліктің ойластырылған позициясы, - дейді Франциск.
Мақаланың толық нұсқасын VaticanNews сайтынан оқуға болады.