Жаңалықтар 02.10.2022 сағат 20:15

Елімізді жаяу аралаған ақсақалдың саяхаты Гиннеске тіркелуі мүмкін

Марафоншы атамыз жаяу сапарын биыл наурызда бастап, кеше Ақтауда аяқтады.
Елімізді жаяу аралаған ақсақалдың саяхаты Гиннеске тіркелуі мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлытаулық 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашов еліміздің барлық аймағын жаяу аралап шықты. Ақсақал сапар барысында 8 мың шақырымнан астам жолды бағындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марафоншы атамыз жаяу сапарын биыл наурызда бастап, кеше Ақтауда аяқтады. 

«Мен сапарға рекорд жасаймын деп шыққан жоқпын. Мақсатым – туған жерді жаяу аралау болды. Егер рекорд ретінде тіркеп жатса қарсы емеспін, бермей жатса да ренішім жоқ», - деді Сәрсенбай Қотырашев. 

Сондай-ақ, ақсақал сапар барысында қолдау-көмек көрсеткен барша жанға алғысын айтты. 

Одан бөлек, алдағы жылы әлем елдерін аралау жоспарын тілге тиек етті. 

«Енді дүние жүзін жаяу аралау мақсатын көздеп отырмын. Бұйырса, келесі жазда жолға аттанам. Әлемді жаяу аралау марафонын Әзербайжаннан бастап одан әрі Еуропа елдері және АҚШ-қа бармақпын. Сондай-ақ, тізімде Қытай мен Моңғолия бар», - дейді ол. 

«Биыл мамырда Қазақстандағы Гиннес рекордтар кітабының өкілдерімен кездестік. Атамыздың марафонды бастағанын айтып, хабардар еттік. Кеше Ақтауда сапар аяқталған соң тағы бір хабарластым. Олар ақсақалдың сапарын қадағалап отырғандарын айтып, Гиннес рекордтар кітабына кіреді деп отыр. Себебі 72 жасында атамыз секілді аз уақыттың ішінде 8 мың шақырымды әлі ешкім бағындырмапты», - дейді ұлытаулық ақсақалдың көмекшісі Бақтияр Қожахметов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар