$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік пластикалық хирург Қазақстаннан қуылды

Альферовтың отасынан кейін екі науқас қайтыс болғаны белгілі болды. Бірақ хирург түрлі себептермен жазасын алмаған.

23 қыркүйекте «Қордай авто» бақылау-өткізу бекетінде Ресей Федерациясының азаматы Роман Алферов ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды Алматы көші-қон қызметі.

Хирургты Қазақстаннан шығару туралы сот шешімі 2021 жылдың 27 шілдесінде шыққан. Сот Алферовты еліміздің заңнамасын бұзғаны үшін елден шығару туралы шешім қабылдады. Бірақ, белгілі болғандай, хирург Қазақстаннан өз еркімен кетуге асықпаған. Ол кассациялық шағым түсіріп, ауруханаға жатқызылды.

«Сонымен бірге, оның Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз», - деді Алматы қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Альферовтың отасынан кейін екі науқас қайтыс болғаны белгілі болды. Бірақ хирург түрлі себептермен жазасын алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары