$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда 85 жастағы қария үйлену тойын дүркіретіп жасады

Ал қалыңдық тойханаға үлкен көлікпен кіріп келеді. Бұны желі қолданушыларының бір бөлігі қолдап жатса, бір жағы ұят санап, сынап жатыр.

Екі қарт адамның заманға сай жасалған тойына қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды, деп хабарлайды Экспресс К. 

TikTok әлеуметтік желісінде Көкшетауда өткен ерекше үйлену тойы талқыланып жатыр. Онда 85 жастағы қарияның тойы дүркіреп өткенін көрсететін видео жарияланды.

Бейнежазбадан мейрамханаға жиналған қалың жұртты көруге болады. Ал қалыңдық тойханаға үлкен көлікпен кіріп келеді. Бұны желі қолданушыларының бір бөлігі қолдап жатса, бір жағы ұят санап, сынап жатыр.

"Достар ерсі ештеңе жоқ бұнда. Сіздерге де осылай бірге қартаюды жазсын. Осылай балаларыңыз төрге шығарып, той жасап берсін", "Қудай сақтасын. Ақыр заман келді деген осы ғой", "Жас кезінде той жасай алмай, қартайғанда жасап берген шығар бала-шағасы", — деп жазылған желіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары