"Қазгидромет" РМК мамандарының айтуынша, еліміздің басым бөлігінің ауа райын солтүстік антициклон анықтайды, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте, шығыста тұман, оңтүстік батыста шаңды дауыл күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +11...+13°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші – 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +4...+6°С, күндіз +18...+20°С болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші – 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +6...+8°С, күндіз +20...+22°С болады.