$ 494.87  520.65  4.91

«Тик-токты бақылауға алыңыздар!»: белгілі заңгер әлеуметтік желіде радикализмді қолдайтын жастардың көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қақты

Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп, ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық. Мүмкін бұлар өздерін жарып жіберуге уақыт күтіп жүрген шығар, кім біледі?
Фото: cdni.rt.com
Фото: cdni.rt.com

Белгілі жаңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде радикализмді қолдайтын жастардың көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қақты. Оның айтуынша, жастар қара жамылып бетін бүркемелеп алып, салт-дәстүрімізге қайшы ашықтан-ашық насихат жасап жатыр. Мұның арты елде террористердің көбеюіне алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұлттық Қауіпсіздік Комитет төрағасы Ермек Алдабергенұлы! Тик-ток желісін бақылауға алуыңызды сұраймын!

Түнгі сағат 12-00 бастап таңғы 06:00 дейін бетін бүркемелеп алған, қара жамылған жастар осылай насихат жүргізуде!

Өздерінің салт- дәстүр ұстанбайтынын, жұма сайын иіс шығару харам екенін ашық айтады! Тек қыздар емес жігіттер де дәл осылай өздерінің көзқарастарының дұрыс екенін ашық талқылайды.

Тик-ток желісін жастар көп қолданады. Жастарымыздың саналары уланбас үшін, біз алдын алу профилактикасын жасауымыз керек!

Сол себепті тик-ток желісін бақылауға алыңыздар!

Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп, ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық!», деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.  

Тағы бір жазбасында салт-дәстүрді ұстанбайтын осындай бір қыздың «Уақытымызды күтіп жүрміз» деген сөзінен күдіктенетінін жеткізген. 

«Мына видео Салт-дәстүрді ұстанбайтын қыздың парақшасынан алынды!
Бұндай түсініксіз қара жамылып, түсірілген видеолары өте көп!

“Уақытымызды күтіп жүрміз”-, деген әңгімені естідім тікелей эфирінен! Қандай уақыт күтіп жүр? 

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, хабарларыңыз бар ма?
Мүмкін бұлар өздерін жарып жіберуге уақыт күтіп жүрген шығар, кім біледі?», - деп атап өткен. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары