05.10.2022, 05:29

«Дауыл соғады»: 5 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Еліміздің бес өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлады  «Қазгидромет» мамандары.

Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

5 қазанда Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік-шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с.

Шымкентте шығыстан 15-20 м/с жел соғады.