$ 494.87  520.65  4.91

«Каспий» футбол клубына жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Мұндай шараларға "Каспий" ФК жанкүйерлерінің бейәдеп ұстанымдары себеп болған.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі павлодарлық "Ақсумен" ойыннан кейін жанкүйерлері пиротехникалық заттар қолданғаны үшін Ақтау клубына айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

4 қазан күні Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Жиында "Каспий" футбол клубына айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

Мұндай шараларға "Каспий" ФК жанкүйерлерінің бейәдеп ұстанымдары себеп болған. 1 қазан күні ақтаулық футболшылардың стадионында өткен павлодарлық "Ақсумен" матчтың соңында жанкүйерлер жүйелі түрде пиротехникалық заттарды тұтандырған.

Осылайша, Тәртіптік ереженің 63-бабының 1-тармағына сәйкес "Каспий" ФК 459 450 теңге (150 айлық есептік көрсеткіш) төлеуге міндетті. Клуб осы жылдың 4 қарашасына дейін айыппұлды төлеуге міндетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары