$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде оқу бағасы шарықтап кетті

Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Ұлттық статистика бюросы білім беру саласында бағаның өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұйым мәліметінше, өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда білім беру саласындағы баға 13,8 пайызға қымбаттаған. Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Мектеп пәндері бойынша білім беретін орталықтардың қызметі 10,2 пайызға көтерілді.

Колледждерде білім алу құны 19,5 пайызға, ал жоғары білім 16,3 пайызға өскен.

Кәсіби түрде білім беретін түрлі курстар бағасы 15,6 пайызға жоғарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары