Есірткі қылмысына тартылған жастар өздерін қандай жаза күтіп тұрғанын біле бермейді. Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Сергей Ильиных осындай пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жылдың 9 айында кәмелетке толмаған тұлғалардың қатысы бар 5 есірткі қылмысы тіркелді. Бұл жеткіншектер есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып отыр. Яғни, сатуға қатысы бар деген сөз емес. Көп жағдайда жастар есірткі қылмысы 2015 жылдан бері аса ауыр қылмыс түріне жатқызылғанын біле бермейді. Яғни, мүлкін тәркілей отырып өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді департамент өкілі.
Оның айтуынша, есірткі саудасына негізінен 16-35 жас аралығындағы адамдарды тарту жиі кездеседі.