$ 443.35  475.54  4.82

Жәнібек Әлімханұлы өз жанкүйерлеріне видеоүндеу жариялады

Құдай қаласа, Qazaq Style-ді әлемге танытайық, тарих жасайық.

Кәсіпқой бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемипоны Жәнібек Әлімханұлы Instagram-парақшасында жанкүйерлеріне видеоүндеу жариялады.

«Бүгін кішігірім серуен. Жаттығу, бәрі ойдағыдай болып жатыр. Құдай қаласа, қарашаның 12-сі күні жекпе-жек. Қолдап жатқандарыңызға көп рахмет! Сіздердің қолдауларыңыз бізге өте керек. Құдай қаласа, Qazaq Style-ді әлемге танытайық, тарих жасайық», - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Instagram-дағы парақшасында: «Вегаста көріскенше! Көзілдірік тағып кел, себебі мен рингте жарқырайтын боламын. Qazaq Style», - деп, Бентлиге қарата жазба орналастырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары