09.10.2022, 17:05

Қуат Хамитов чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді

Фото:instagram.com/kuat__khamitov
Қуат Хамитовтің Мәскеуде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы армян файтері Давид Хачатрян болмақ.

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің келесі айқасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресми түрде! 28 қазанда TOP Fight чемпионы атағы үшін титулдық жекпе-жек өтеді», - деп жазды қазақстандық спортшы өзінің Instagram-парақшасында.

«Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитовтің Мәскеуде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы армян файтері Давид Хачатрян болмақ.

Еске салайық, Қуат Хамитов мұның алдындағы жекпе-жегін 10 қыркүйек күні Атыраудағы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде өткізген еді. Ол ресейлік Василий Бабинцевті бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.