Алматыда белгісіз біреулер полиция подполковнигін ұрып кеткен. Кейін тәртіп сақшылары күдікті бес адамды қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz
Бұған дейін журналист Михаил Козачков өз Telegram-арнасында подполковниктің соққыға жығылғаны туралы хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес 9 қазанда түнгі 00:30 шамасында "Панорама" мейрамханасы маңында Алматы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі,, полиция подполковнигі соққыға жығылды. Шабуыл салдарынан подполковник бас сүйегінің сыну диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
Алматы полиция департаменті оқиғаны растап, бес күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді.
"Аталған дерек 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бабымен тіркелді. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен бес ер адам ұсталды. Қылмыстық-атқару кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.