$ 494.87  520.65  4.91

«Астана LRT» жобасының экс-басшысы ұсталды

Бекмырза Игенбердинов кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар пара алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2018-2020 жылдары "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы болған, "АлматыЭлектроТранс" ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердиновті үлкен көлемде пара алды деп айыптады, деп хабарлайды Экспресс К.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Бекмырза Игенбердинов кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар пара алған. Қазір ол соттың санкциясымен қамауға алынды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот күдікті Игенбердиновке қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау туралы өтінішті қанағаттандырған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары