$ 494.87  520.65  4.91

Кәсіпкермен соттасқан Болат Назарбаев 500 мың теңге өтемақы алатын болды

Назарбаев 1,5 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын өтеуді талап етті.
Фото: exk.kz
Фото: exk.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданының соты Болат Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талабын қанағаттандырды. Қазақстанның экс-президентінің інісі өзіне жала жапқан кәсіпкерден жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Алматы Стекло" ЖШС құрылтайшысы Әзім Абдуллаев Болат Назарбаевты шыны зауытын рейдерлік жолмен басып алды деп айыптап, экономикалық сотқа талап арыз бергеннен кейін бұрынғы мемлекет басшысының інісі ар-намысы мен абыройын қорғау үшін N2 Әуезов аудандық сотына жүгінді.

Болат Назарбаевтың өкілі "YouTube" бейнехостинг платформасында, сондай-ақ кейбір БАҚ-та Әзім Абдуллаев талапкердің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқанын айтты. Назарбаев 1,5 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын өтеуді талап етті. Сот талапты ішінара қанағаттандырды. Бірақ, 1,5 миллион теңгенің орнына Әзім Абдуллаевтан 500 мың теңге өндіріп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары